«Дипломмен ауылға» жобасына сәйкес 2009-2011 жылдар аралығында республика бойынша 26 584 жас маман жұмысқа тартылады

None
None
sp;АСТАНА. Қарашаның 19-ы. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Н.Назарбаевтың агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерінің республикалық мәжілісінде берген тапсырмасына орай әзірленген «Дипломмен ауылға» жобасына сәйкес 2009-2011 жылдары аралығында еліміз бойынша 26 584 жас маман ауылдық жерлердегі жұмысқа тартылуы қажет.

«Нұр Отан» ХДП-ның сайтындағы мәліметтерге қарағанда, әлеуметтік сала мамандарына деген сұраныс Қызылорда (4315 адам), Қостанай (2778), Алматы (2525), Ақмола (2072), Батыс Қазақстан (2059) облыстарында өте жоғары болып отыр.

Әлеуметтік сала және агроөнеркәсіп өндірісінің мамандарымен, яғни қажетті еңбек ресурстарымен ауылдық жерлерді қамту мақсатында жүзеге асырылып жатқан жоба барысында, жас мамандарға мемлекет тарапынан бірқатар әлеуметтік көмек көрсетілуде. Атап айтқанда,  70 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде біржолғы жоғарылатылған жәрдемақы төленіп, тұрғын үй сатып алуға бюджеттiң есебiнен 15 жылға 0,01 пайыздық ставкамен  630 АЕК көлемiнде несие берiледi. Сонымен қатар ауылдық жерлерде орналасқан әлеуметтік сала мекемелерінің қызметкерлері лауазымдық жалақысына  25 пайыздық үстеме қосып алады.

Жәрдемақы мен жеңілдетілген несиенің ең үлкен көлемі Қызылорда облысында беріледі. Мәселен, ағымдағы жылы осы облыстағы ауылға жұмысқа орналасқан жас маман 167 349 мың теңге көлемінде біржолғы жәрдемақы мен  3 175 840 теңге көлеміндегі жеңілдетілген несие  алады. Ал бұл көрсеткіш Атырау облысында ең төмен болып отыр. Осы облысқа келген жас маманға берілетін қаражат сәйкесінше 17 376 және 302 496 мың теңге көлемін құрайды.

Жалпы осы жобаның нәтижесінде жоғары оқу орнын бітіріп, ауылға жұмыс істеуге келген жас мамандардың санының ұлғаюы және ауыл шаруашылығы, әлеуметтік сала үшін әлеуетті кадрлар құру көзделген.

Соңғы жаңалықтар