«Дипломмен - ауылға» жобасына байланысты БҚО-ға 75 млн. 387 мың теңге бөлініп отыр

None
None
ОРАЛ. Шілденің 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Ауылдық жерлерге баратын мамандарға әлеуметтік қолдау көрсетілетін болады. Бұл туралы «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалында өткізілген баспасөз мәслихатында айтылды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен «Дипломмен - ауылға» жобасы биылдан бастап қолға алынып отыр. Осы мақсатқа Батыс Қазақстанға 75 млн. 387 мың теңге бөлінген. Ауылға барған әр маманға 90 мыңнан астам теңге көлемінде көтермеақы, тұрғын үй салуға 15 жылға 0,01 пайыздық мөлшерлемемен 900 мың теңге несие беріледі. Қызметтік жалақысы да 25 пайызға ұлғайтылатын болады.

Бұл жоба бойынша жас мөлшеріне шек қойылмайды, яғни орта жастағы мамандар да ауылға барып, бағын сынай алады.

Соңғы жаңалықтар