«Дипломмен - ауылға» жобасы бойынша жасалып жатқан жеңілдіктер қалада орналастырылатын жас мамандарға да жасалуы керек

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Дипломмен - ауылға» жобасы бойынша жасалып жатқан жеңілдіктер қалада орналастырылатын жас мамандарға да жасалуы керек.

Оралдағы №3 қалалық емхана директоры Қашура Әжіғұлованың ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, қалада да білікті мамандар жетіспейді. Айталық, облысқа үш жүздей дәрігер керек болса, бұл - қалаға да ортақ мәселе.

Өткен жылы медицина саласында облысқа 20 жас маман келсе, биыл оның қатары 34-ке жетіп, соның 21-і ауылға жіберілді. Оларға «Дипломмен - ауылға» жобасы бойынша жеңілдіктер жасалды.

Жалпы, биыл денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржы 18 млрд. теңгеден асты, бұл - облыс бюджетінің 20 пайызы.

Соңғы жаңалықтар