Дипломмен ауылға: Жас маманның ауылда жұмыс істеу мерзімі неліктен қысқартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша мемлекеттен әлеуметтік қолдау алған жас маманның міндетті жұмыс істеу мерзімі 5 жылдан 3 жылға неліктен қысқартылғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мамандардың міндеттерін орындау мерзімі, яғни ауылда жұмыс істеу бойынша міндетті мерзімі 5 жылдан 3 жылға қысқартылды», - деді Ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов Үкіметтің баспасөз орталығында.

3 жылдық мерзім жас маманның ауылда орнығуына жете ме? Бұл сұраққа вице-министр былайша жауап берді.

«Ауылда тұру мерзімі неліктен қысқартылды? Бұл өзгерістің енгеніне біршама уақыт болып қалды. Бағдарламаға қатысушылардың талап-тілегіне және жергілікті атқарушы органдардың сұранысына қарадық. Біз әрбір адамның конституциялық құқығын шектей алмаймыз. Әр жас маманның өзінің өмірі, отбасылық жағдайы болуы мүмкін. Сол себепті, Үкіметтің қаулысымен бірнеше жыл бұрын мерзімді 5 жылдан 3 жылға қысқарту туралы шешім шыққан еді. Егер аймақтар жас мамандардың міндетті жұмыс істеу мерзімін ұзарту туралы ұсыныс білдірсе – мархабат, қарастыруға дайынбыз», - деді Ермек Алпысов.

Еске сала кетсек, Ермек Алпысов бұған дейін «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 5 172 маманға бір реттік көтерме жәрдемақы берілгенін хабарлаған болатын.


Соңғы жаңалықтар