+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Дипломмен ауылға: Жамбылда 201 маман ауылға аттанды

2019 жылғы 13 қыркүйек 21:35
Бөлісіңіз:
Дипломмен ауылға: Жамбылда 201 маман ауылға аттанды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында жыл басынан бері «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 201 маман ауылдық жерлерге жұмысқа орналасқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Дипломмен ауылға» бағдарламасына мемқызметшілер енгізілуі тиіс - депутат Дипломмен ауылға: Жамбылда 1600-ден астам маман ауылдарда жұмыс істеп жатыр Ақтөбеде ауылға барған жас дәрігерлер 1,5 млн теңгеден алды

Бағдарламамен ауылға барғандардың басым көпшілігі білім және денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүр. Нақтырақ айтсақ, мемлекеттік жобаға қатысушыларының 121-і білім, 55-і денсаулық сақтау, 30-ы ауыл шаруашылығы және 5 маман мәдениет пен спорт саласына тартылған.

Жалпы жоба жоба басталғалы бері облыста 1700-дей маман ауылдарға барған. Алайда өңірде мұғалімдер мен дәрігерлер әлі де тапшы. Әсіресе Қордай, Шу, Байзақ және Жамбыл аудандарында бұл мәселе өткір сезіліп отыр. Жалпы биыл 256 жас маманға жеңілдетілген несие беру жоспарланған. Тағы 277 адам ауылды елді мекендерде жұмыс істеуге өтініш берген.

«Облысымызда бүгінгі күні 227 маманға тағы да мамандардың тарапынан қажеттілік келіп түсті. Ол 1 миллиардқа жуық несие алу бойынша. Енді бізде бөлінетін 5,2 миллиард теңге көлеміне облыстың қажеттілігіне ұсыныс жасадық. Нақтылау барысында бұл қаржыдан өзіміздің үлесімізді алатын боламыз. Алайда, бағдарламада нақты осындай мамандыққа басымдық берілсін деген нұсқама жоқ. Кезек бойынша мамандар елді мекенге келіп өзінің өтінімін береді. Сол кезекке сәйкес оның өтінімі қарастырылады. Бұл мәселе депутаттармен де қарастырылуда. Әр өңірде қандай маманға тапшылық бар, сол бойынша басымдықты сол мамандыққа беру туралы. Бірақ бұл өзгеріс әлі жобаға енгізілген жоқ»,- облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова.

Айта кету керек, биыл «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен екі бағыт бойынша берілетін әлеуметтік көмек көлемі артты. Бұрын көтерме жәрдемақы 176 мың теңге болса, енді 252 мың теңгеге көтерілді. Ал 0,01 пайызбен берілетін бюджеттік несие 1500 айлықтық есептік көрсеткішке көбейген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ғибрат Сембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT