Дипломмен ауылға: Шекараға жақын ауылдарға баратын мамандардың жәрдемақысы өседі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Сенаттың жалпы отырысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр ауылға баратын жас мамандарға берілетін несие сомасы өсетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дипломмен ауылға» жобасы да жалғасып келеді. Біріншіден, ауылға баратын жас мамандарға үй алуға немесе жаңадан үй салуға берілетін несие сомасын өсіреміз деп жоспарлап отырмыз. Ол қазір 1 500 айлық есептік көрсеткішке тең. Енді, аудан орталығына 2 500 АЕК-ке дейін, ауылдар мен кенттер үшін 2 000 АЕК-ке дейін асырмақпыз. Екіншіден, шекараға жақын ауылдарға баратын жас мамандарға көтерме жәрдемақы бар. Қазір ол 100 АЕК болса, соны 200 АЕК-ке дейін өсіреміз», - деді Р. Скляр.

Оның айтуынша, бұл жобаға аудандық маңызы бар қалалар да қосылады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Роман Скляр «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру барысы жайында айтты.


Соңғы жаңалықтар