«Дипломмен ауылға» бағдарламасының нәтижелері қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 60 мыңнан аса маманға көтерме жәрдемақы берілді. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлтық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2009 жылғы 1 шілдеде іске қосылды. Ауылдық аумақтардың кадрлық әлеуетін әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешен мамандары секілді қажетті ресурспен күшейту мақсатын көздейді.

Жоба іске асырылған күннен бастап, 60 мыңнан астам маман 7,4 млрд теңге сомасындағы көтерме жәрдемақыға ие болды. 27,5 мыңнан аса маман тұрғын үй алу үшін 70,6 млрд теңге сомасында бюджеттік кредит алды.

«2019 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, 4128 маманға тұрғын үй алу үшін жалпы сомасы 14,7 млрд теңге бюджеттік кредит берілді. Ал 7565 маманға жалпы сомасы 1,5 млрд теңге көтерме жәрдемақы берілген. Мамандықтарға келсек, білім беру саласы көп сұранысқа ие, оған 42 745 адам (71,2%) тартылған. Екінші орында – денсаулық сақтау саласы. Оны 12 705 адам (21,2%) таңдаған. Одан әрі агроөнеркәсіптік кешен мамандығында 1 665 адам (2,8%) және мәдени салада 1 604 (2,7%) адам бар. Сұраныс бойынша соңғы орындағы спорт саласына 863 (1,4%) адам және әлеуметтік қамсыздандыру саласына 483 (0,8%) адам барған. Бүгінгі күні жалпы қатысушының 74%-і - әйелдер»- делінген хабарламада.

Жалпы бағдарлама мамандардың ауылдық елді мекендерге көптеп келуіне жол ашты. Жоба іске асырылғанға дейін жыл сайын ауылдарға 3 300-дей маман келсе, Жоба іске қосылған уақыттан бастап, бұл көрсеткіш жыл сайын 6 000 маманға артқан.

Соңғы жаңалықтар