14:55, 10 Желтоқсан 2020 | GMT +6
Дипломмен – ауылға: Атыраудың Исатай ауданында 14 маман көтерме жәрдемақы алды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысының Исатай ауданына «Дипломмен – ауылға!» жобасымен келген 14 маман көтерме жәрдемақы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиевтың мәлім етуінше, биыл 21 жас маман келген. Оның ішінде 5 мемлекеттік қызметкер болса, үшеуі – жоғары білімді дәрігер. Ал білім саласына 13 жас маман жұмысқа орналасқан.
«Биыл «Дипломмен ауылға» жобасы аясында әлеуметтік және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы 3 маманға бюджеттік несие берілді. Бұған қоса 14 маманға бір реттік көтерме жәрдемақы төленді», - деді Марат Мурзиев.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атыраудың Жылыой ауданында 47 мұғалім мен 9 дәрігер келгенін хабарлап едік.