Дипломмен ауылға: 13 жылда үй алу үшін 45 мың маманға несие берілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2009-2022 жылдар аралығында «Дипломмен ауылға» жобасы арқылы 45 мың маманға тұрғын үй сатып алу үшін кредит берілді. Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифнгіде ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауылдық жерлерде кадрлық әлеуетті арттыру мақсатында 2009 жылдан бастап «Дипломмен ауылға» жобасы іске асырылуда. 2009-2022 жылдардың қорытындысы бойынша 95 мың маман көтерме жәрдемақы және 45 мың маман тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредиттер алды. Сондай-ақ биыл «Дипломмен ауылға» жобасын іске асыруға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредиттер беруге 3 800 маманға 20 млрд теңге бөлінді», - деп жоспарларды мәлім етті Бауыржан Омарбеков.

Сонымен бірге, брифингі барысында вице-министр өңірлердегі жергілікті органдар үшін жүргізілетін мемлекеттік сатып алу рәсімдері жеңілдейтінін атап өтті.

Бұған қоса, ол «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заң жобасы шеңберінде маслихатқа әкімнің жұмысына мониторинг жасау өкілеттігі берілетінін айтты.

Қоса кетсек, Бауыржан Омарбековтың сөзінше биыл «Ауыл - Ел бесігі» жобасына қосымша 55 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.


Соңғы жаңалықтар