Дипломат үгіт-насихатшылардың жетегінде кетпеуі керек – Қошанов Бородавкиннің сұхбаты жайында

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бүгінгі отырыстан кейін журналистерге Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкиннің берген сұхбатына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елшінің сұхбатының кей тұстары оның мәртебесіне сай келмейді әрі пайда әкелмейді деп ойлаймын. Бородавкин мырза өте тәжірибелі дипломат, ол үгіт-насихатшылар мен саясаттанушылардың жетегінде кетпеуі керек, -

деді Ерлан Қошанов елшінің мәлімдемесіне қатысты.

Екіншіден, ксенофобия Ресейде де және басқа елдерде де бар. Саясаткерлеріміздің мәлімдемелері екіжақты қарым-қатынасқа нұқсан келтірмеуі үшін біз мемлекеттеріміздің игілігі жолында бірге жұмыс істеуіміз керек, -

деді Мәжіліс төрағасы.

Еске сала кетейік, кеше Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин ресейлік басылымдардың біріне берген сұхбатында Қазақстандағы радикалды ұлтшылдар мен русофобия туралы айтып, Ресейдің олармен күреске «көмек беруге дайын» екенін мәлімдеген болатын.


Соңғы жаңалықтар