«Диплом таратумен» айналысып келген 15 университет жабылды – Қуаныш Ерғалиев

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазіргі таңда «диплом таратумен» айналысатын 5 университетті жабу бойынша сот процесі жүріп жатыр. Бұған дейін 15 жоғары оқу орны жабылды.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында журналистердің сұрағына жауап берген Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы 2-3 жылдың аясында «диплом таратумен» айналысатын университеттермен жұмыс атқарылып жатыр. Оның ішінде қазіргі таңда 15 университет жабылды. Ал тағы 5 университетті жабу бойынша сот процесі жүріп жатыр. Осы университеттерде нақты қанша студент оқып жатқанын дәл қазір айта алмаймын. Дегенмен әр оқу орнында орташа 2-3 мың студент оқиды десек, онда 10 мың студенттің айналасында болады», - деп жауап берді Қуаныш Ерғалиев.

Оның айтуынша, биыл 28 университетке мемлекеттік бақылау жүргізілген. Оның тең жартысы жоспарлы тексеріс болса, қалған жартысы профилактикалық мақсатта өткізілген.


Соңғы жаңалықтар