+7 (701) 759 90 19
USD 429.59 EUR 507.3
RUB 5.62 CNY 64.1
Jańalyqtar

Диплом басып бере беретін ЖОО-ларды жабу қажет - Президент

2020 жылғы 27 мамыр 13:36
Бөлісіңіз:
Диплом басып бере беретін ЖОО-ларды жабу қажет  - Президент

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Диплом басып бере беретін жоғары оқу орындарын жабу қажет. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Білім сапасын арттыру үшін мен жоғары оқу орындарына қойылатын талапты қатаңдатуды тапсырған едім. Жалған дипломдар беретін кеңселерге біздің жүйемізде мүлдем орын болмауы тиіс. Бұл жұмыстарды табанды түрде әрі барынша қысқа уақытта аяқтау керек. Біз бұл жайында Білім министрмен сөйлескен едік. Қандай қиындық болса да, ЖОО-деп аталатын оларды кім қорғаса да бұл жұмысты аяқтау керек. Диплом басым шығаратын бұл мекемелерді табанды түрде жабу қажет», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті мұнан бөлек, кезең-кезеңімен жоғары оқу орындарының профилизациялануын, мамандануын, сонымен бірге білім сапасын қамтамасыз ету қажеттігін баса айтты.

«Білім сапасының маңызды аспектісі академиялық адалдық мәдениетінің жан-жақты дамуын енгізу болуы тиіс. Министрлік академиялық адалдық лигасының мүшесі саналатын жоғары оқу орындарын қолдауға және дамытуға міндетті», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT