Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.36 EUR 424.47
RUB 5.88 CNY 54.95
Jańalyqtar

Дінтану сараптамасын жүргізу тиімділігін жетілдіріп отыру керек - министр

2019 жылғы 11 сәуір 22:05 609
Бөлісіңіз:
Дінтану сараптамасын жүргізу тиімділігін жетілдіріп отыру керек - министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде діни мазмұны бар білім және ақпараттық материалдардың Конституцияға және заңға сай келуі тұрақты түрде тексеріледі. Бұл туралы Хабар арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада үлкен шіркеудің тасы қаланды Атыраудың орталық мешітінде Рамазан айында «Тегін такси» қызмет көрсетеді

«Дін деген - өте нәзік сала екенін түсіну керек. Заңнамаға енгізілетін әрбір шешім, әрбір өзгеріс өте тыңғылықты зерттелуі тиіс. Себебі, адамның құқығын қорғау, діни сенім бостандығы мен деструктивті ағымдардың әсері арасындағы балансты сақтай білудің маңызы зор. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда конфессияаралық келісімді сақтау ісінде орасан зор тәжірибе жинақталды. Бұны халықаралық сарапшылар да, байқаушылар да ерекше атап өтеді. Міне, бізге заңды жұмыс істеп жатқан діни бірлестіктермен қазіргі таңда осынау позитивті тәжірибені бекемдеп, ынтымақты, конструктивті өзара әрекетті күшейте беру керек. Бізге дінтану сараптамасын жүргізудің тиімділігін әрдайым арттырып отыру керек деп есептейміз. Бұл жерде діни мазмұны бар білім және ақпараттық материалдарды Конституцияға және заңға сай келуін тексеру туралы айтылып отыр», - дейді Дәурен Абаев.

Министрдің айтуынша, радикалды діни идеялардың тұзағына түскен жандарды оңалту жұмысына қазіргі уақытта баса назар аударылып отыр.

«Жұмысты әртүрлі топтар жүргізуде. Оның ішінде бас бостандығынан айыру мекемелерінде де тыңғылықты жұмыстар жүргізіліп жатқанын айта кету керек. Террористік белсенділік танылған аумақтардан келіп жатқан жасөспірімдермен жұмысқа да ерекше көңіл бөлініп отыр. Жалпы, бұл бағыттағы шаралардың ауқымы өте кең, біз оларды халыққа жариялайтын боламыз», - дейді министр.

Еске сала кетсек, бүгін елордада «Рухани Жібек жолы. Ислам және жастар: қазіргі заманғы сын-қатерлер» тақырыбындағы IV халықаралық діни-ғылыми конференция өткен болатын. Оған министр Дәурен Абаев та қатысты. Жиында министр жастар санасына жат ағымдарға қарсы мықты иммунитет қалыптастырудың маңызын атап өтті.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
MURAǴAT