+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Діннен ізгілікті, дәстүрді көрген дұрыс – ғалым

2019 жылғы 15 қазан 21:58
Бөлісіңіз:
Діннен ізгілікті, дәстүрді көрген дұрыс – ғалым

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Кейінгі кезде қоғамда Исламды жамылып пайда болған теріс ағымдар санының көбеюі өзекті мәселеге айналды.

Ұқсас жаңалықтар
Тәуелсіздік күні қарсаңында Нұр-Сұлтан әкімдігінде мемлекеттік наградалар тапсырылды Сириядан оралған шымкенттік бүлдіршіндер қоғамға бейімделуде Асқар Мырзахметов тараздық тұрғындардың талап-тілегіне құлақ түрді

Әдетте, мұндай құбылыс қоғамда адамдардың діни сауатының жоқтығынан немесе сауатының аздығынан туындайды. Демек, қоғамда қазақ үшін тарихи қалыптасқан дәстүрлі Исламды, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын насихаттайтын білімді мамандар қажет.

Түркі халықтарының Ханафи мазһабын таңдауында өзіндік ерекшелік бар. Бұл мектептің басқа мектептерден ерекшелігі халықтың мәдениеті мен салт-дәстүріне құрметпен қарап, тұрмыста оларды пайдалануына жағдай жасауы. Сондықтан да біздің дәстүріміз дінмен біте қайнасып кеткен. Егер кейбір дәстүріміз шынымен де Ислам қағидаттарына қайшы келіп жатса, оны имамдарымыз ескертіп жатады.

Ал енді діни білімді шет мемлекеттен оқып келген жастардың басым көпшілігі дәстүрлі мазһабтарды қолдайтын Исламды емес, басқа ағымдарды насихаттайды. Сондай теріс ағымдардың бірі - салафизм. Салафизм халқымыздың дәстүрлерін де, Әбу Ханифа мазһабын да түбегейлі теріске шығарады.

Шариғат үкімі бойынша қайтқан адамға ас беруді алайық. Астың артынан қайтқан адамның рухына Құран бағыштап, жиналған ағайын-туыс, көрші-қолаң, жора-жолдастарымен бірге бұрын өткендердің күнәларын кешіруін Алладан тілейміз. Ал елге берілген астың негізгі мақсаты садақа ретінде қабылдануы. Берілген астан кейін қариялардан бата сұрап, сосын Құран оқып, тағы алақан жайып, Алладан мейірім мен береке сұрау, Құран сауабын марқұмға бағыштау біздің халықтың ғасырлар бойына қалыптасқан дәстүрі. Бата бергеннің, ас қайтарғанның несі айып? Ас демекші салафилер дастархан басында бет сипап ас та қайтармайды. Ал Мұхаммед пайғамбардың «Дұға құлшылықтың өзегі», – деп айтты емес пе? Осы сияқты дәстүрлерімізді салафизм жолын ұстанған кейбір жастарымыз жоққа шығарумен әлек. Тіпті, олардың кейбірі Қазақстанға шынайы дін - Ислам 89-90 жылдары ғана келді деп айтады.

Ұлттық мінез-құлық, салт-дәстүр, өмірлік ұстанымдар әрбір халық үшін өзінің әлеуметтік күші мен рухани нәрін жоғалтпайтын сарқылмас кәусар бұлақ. Өйткені, әр халық өзінің ата-бабасы ардақтаған дінін, сенімін тарихи жадында таптырмас құндылықтар ретінде қастерлейді.

Салафилердің тапжылмай қарсы тұрып, мойындағылары келмейтін келесі дәстүріміз – келіннің сәлем беруі. Салафизм идеологиясы бойынша келіннің сәлем беруі дінімізде жоқ дегенге келеді. Сөйтіп, олар келіннің сәлем салуын, құлшылық кезіндегі рукуғпен (намаз кезінде еңкеюмен) теңестіреді.

Басқаша айтқанда, адамның тек қана Алланың алдында, Аллаға ғана иілуі керек дейді олар. Ал адам баласының алдында сәлем беруіне ислам рұқсат бермейді. Олай жасау Аллаға серік қосқан болып саналады екен. Осы қысқа шалбар киген салафилер «қысқа» ойлайтын көрінеді. Келіннің сәлем беруіндегі мәні жаңа үйдің табалдырығынан аттағалы тұрған кездегі сол отаудың иелеріне құрмет көрсетуінде.

Дәстүрімізді дұрыс білмейтін, не арнайы діни білімі жоқ шала сауаттыларға айтарым, діннен ізгілікті, дәстүрді көрген дұрыс. Бұдан былай жастардың діни білімді еліміздің діни оқу орындарында білім алғаны дұрыс деп санаймын.

Бүгінгі таңда елімізде дәстүрлі ислам туралы діни білім беретін 1 университет, 1 Ислам институты, 9 медресе бар. Аталған оқу орындары ҚМДБ-ның білім ордалары. Дәлірек айтсақ, олар: Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті, Республикалық имамдардың білімін жетілдіру Ислам инситуты, «Әбу Ханифа» медресесі, «Әбу Бәкір Сыддық» медресесі, Ақтөбе медресесі, Астана медресесі, Орал медресесі, Сарыағаш медресесі, «Һибатулла Тарази» медресесі, Үшқоңыр (Шамалған) медресесі, Шымкент медресесі, Қожа Ахмет Йасауи атындағы сауат ашу курсы, Қауам ад-Дин әл-Фараби ат-Түркістани атындағы республикалық басқа да қарилар дайындау орталықтары діни білім береді.

Жастар – біздің жарқын болашағымыз, оларға жіті көңіл бөлу, тәрбиелеу – ел ағалары, дін қайраткерлері мен имамдарымыздың алдындағы негізгі борыштары деп білемін. Жастардың келешегі осыған байланысты. Өйткені мешітке баратын халықтың басым бөлігі жастар. Сондықтан да шығыстық түсініктегі тәрбие ұғымының ел болашағына бағыт-бағдар берудегі маңыздылығы өте жоғары. Әсіресе, мұсылмандық түсінікте жас ұрпаққа ана құрсағында жатқаннан бастап тәрбие беруге баса назар аударылады.

Жастарымыздың сан ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрін ұмытпай, құрмет тұтып қадірлеуі, адами құндылықтарды бірінші орынға қоюы маңызды. Дәстүрлі дінімізде ата-дәстүрімізбен ұштасып жатқан адамгершілік құндылықтар жетіп жатыр: білімге, ақылға, жақсы ниетке, әлеуметтік әділеттікке, сонымен қатар адамдардың құқығы мен құрметіне ерекше көңіл бөлінген.

Ғарифолла Есім, философия ғылымдарының докторы

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Дін, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT