Діни сенім эволюция нәтижесі ме - ВВС

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ВВС басылымында Брэндон Амброзино рухани сенімнің ежелгі психологиялық тенденциялардан туындайтыны туралы жазған екі бөлімнен тұратын зерттеу мақаласы жарияланды.

«Діни тәжірибе кезіндегі ми туралы зерттеулер жүргізетін нейробиолог Эндрю Ньюбергтің айтуынша, діни сенім расымен ми құрылымына әсер етіп, жүйке функциялары өзгереді» деп жазады автор.

Оның жазуына қарағанда, Ньюберг пен оның командасы намаз оқып отырған немесе медитация жасап жатқан адамдардың миын сканерден өткізіп, мұндай кезде мидың екі бөлігі де бірдей белсенді жұмыс істейтінін анықтаған.

«Діни сенімді түсіндіру үшін адамзат миының жұмыс істеуіне мән беру керек», - дейді «Дінді түсіндіру» кітабының авторы Паскаль Бойер.

«Мысалы, адам бұтақтар арасында тұрып, дыбыс естісе, оны желден болды немесе жыртқыш келе жатыр, қашу керек деп түсінеді. Эволюция тұрғысынан екінші ой мәндірек. Себебі егер расымен жел болса, сіз ештеңе жоғалтпайсыз. Ал жыртқыш аң келіп, сізді жеп қойса, ештеңе істей алмай қалар едіңіз. Джастин Баррет атты когнитивті ғалым діни сенімдерге негізделген когнитивті әрекеттер туралы зерттеулер жүргізген. Ғалымның ойынша, діни сенім жүйке анатомиясында бірнеше түрге бөлінеді. Ал ерік жігер мен ниетке байланысты ойы бар адамға дін табиғи түрде келеді» деп жазады автор.

Оның пайымынша, моральдық интуиция түсінікті болғанымен, оның қалай пайда болғанын түсіндіру қиын.

«Менің ойымша, рухани сенімнің жоғалуы мүмкін емес», - дейді ғалым Франс де Вааль.

Бұл ретте ол бүгінгі таңда доктрина мен иерархиясыз дін кең жайылып келетінін алға тартады. Көптеген зерттеушілердің де айтуынша, Батыс елдерінде шіркеу мен мешітке бару көрсеткіші азайғанымен, рухани сенім артып келе жатыр.

«Руханият айналадағы адамдармен, табиғатпен байланысқа негізделген құндылықтар. 2017 жылы 15 батыс елінде жүргізілген зерттеу нәтижесінде адамдардың 64%-ы бір күштің барына сенетінін, бірақ дінге кірмейтіндерін айтқан» деп жазады автор.

Соңғы жаңалықтар