+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Діни мейрам кезінде карантин режімін сақтау керек

2020 жылғы 3 сәуір 17:49
Бөлісіңіз:
Діни мейрам кезінде карантин режімін сақтау керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Діни бірлестіктерге мерекелік діни рәсімдерді онлайн режімде өткізуді ұсынамыз. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ералы Тоғжанов: КВИ-ден қайтыс болғандарды жасырып қалу мүмкін емес Қазақстан коронавирус жұқтыру бойынша әлемде көш бастап тұр ма Қазақстанда тағы 237 сырқат коронавирустан айықты

«Сәуір айында біздер үшін маңызды бірқатар діни мейрамдар келе жатыр. Олар: Ораза, православтық және католиктік Пасха, яһудилік Песах және тағы да басқалар. Сөзсіз, олардың барлығы көптеген азаматтар үшін үлкен маңызы бар. Біз дін ұстанушы азаматтарымыздың діни сеніміне зор құрметпен қараймыз. Алайда коронавирус індеті барлық адамның денсаулығына, өміріне қауіп төндіруде. Сол үшін көптеген елдер эпидемияға қарсы бұрын-соңды болмаған шектеулер енгізуде. Вирус таралмауы үшін адамдар жиналатын барлық шараларға, оның ішінде діни шараларға да уақытша тыйым салынады. Себебі бұл діни шаралар кезінде адамдар ғибадат орындарына барып, туыстарымен, жақындарымен жиналады. Бірге мазар басына барады, одан да басқа әртүрлі мәдени-көпшілік шаралар болады», - деді министр «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен.

Бұл тұрғыда ведомство басшысы ел тұрғындарына түсіністікпен қарауға шақырды

«Сол үшін қазіргідей күрделі уақытта ең басты мәселе – адамның денсаулығы мен амандығы. Ешқандай дін адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргенді мақұлдамайды. Осы ретте барлық діни және этно-мәдени ұйымдардың басшылары мен азаматтарды түсіністік танытуға шақырамыз. Діни мейрам кезінде карантин режімін сақтауды сұраймыз. Діни бірлестіктерге мерекелік діни рәсімдерді онлайн режімде өткізуге ұсынамыз», - деді Дәурен Абаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT