Діни мазмұндағы шетелдік 45 сайттың Қазақстан аумағында таралуына тыйым салынды - Үкімет сағаты

None
None
АСТАНА. 17 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстанның Дін істері агенттігі өз қызметін бастаған екі жылдан бері 4344 діни кітап пен ақпараттық материалдарға сараптама жүргізді.

Бүгін Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағаты барысында ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф осылай мәлім етті.

«Қазіргі таңда 1923 діни кітапқа дінтану сараптамасы жүргізілуде. Нәтижесінде 148 материал бойынша теріс қорытынды берілді. Діни бірлестіктерді қайта тіркеу барысында агенттік тарапынан 618 жарғыға сараптама жүргізіліп, 17-сіне теріс қорытынды берілді», - дейді агенттік басшысы.

Агенттік төрағасының айтуынша, рухани қауіпсіздікке қатысты маңызды мәселе - діни экстремистік және лаңкестік топтардың ақпараттық кеңістігіне шектеу қою үшін діни бағыттағы ғаламтор ресурстарына бақылау жүргізу.

«Осыған орай, былтыр 1900-ден астам сайтқа талдау жүргізіліп, нәтижесінде заңға қайша идеялары анықталған 45 шетелдік ғаламтор ресурсының Қазақстан аумағына таралуына тосқауыл қою жөніндегі тиісті сот шешімдері шықты. Ал ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында бес жүз сайттың жұмысына талдау жүргізіліп, оның ішінде заңға қайшы ақпараттарды қамтыған 20 ғаламтор ресурсы жөніндегі материалдар прокуратура органдарына жіберілді», - дейді Қ. Лама Шариф.

Соңғы жаңалықтар