+7 (701) 759 90 19
USD 389.86 EUR 435.32
RUB 6.12 CNY 55.12
Jańalyqtar

Діни білімді мектеп қабырғасынан бастап қалыптастырған дұрыс па

2019 жылғы 11 қазан 15:38
Бөлісіңіз:
Діни білімді мектеп қабырғасынан бастап қалыптастырған дұрыс па

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Балалардың діни сауатын мектеп жасынан ашқан маңызды. Философия ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Қарлығаш Борбасова осылай дейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматылық 200 мұғалім  деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыру бойынша дәріс тыңдады Діни экстремизмнің негізгі тамыры – сауатсыздық Әлеуметтік желідегі әдемі діни сөздердің артында жасырын насихат болуы мүмкін

Маманның айтуынша, дін туралы әңгімелерді жас бала мектеп қабырғасында емес, көбінесе үйде, туыс-туғандарының арасында естиді. Ал мектеп қабырғасында дін туралы тек 9-сыныптан бастап оқытылады. Оған дейін балалардың діни ұғым-түсінігі көрген тәрбиесінен қалыптасады.

«Себебі мектепте «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы тек 9-сыныптан бастап оқытылады. Дінге қатысты құдай, періштелер, пайғамбарлар, күнә, о дүние жайлы әңгімелер діни мейрам кезінде және адамдар дүниеден қайтқанда жаназада айтылады. Бұл әңгімелерді діни білімі бар имамдар айтса да, уақыт аздығына байланысты негізгі діни ұғымдар туралы балалардың толық түсінігі қалыптаса қоймайды. Барлық бала болмаса да, 8-9 жасқа толған біраз бала «Мына дүние қайдан пайда болды? Ең алғашқы адам қайдан шықты? Жан, рух деген не? Өлім деген не? Өмірден озғаннан кейін адам қайда барады? Өмірдің мәні неде? Адам неге азапқа түседі? Бақытты өмір сүру үшін не істеу керек?» деген сұрақтарды өзіне және басқаларға қоя бастайды. Осы кезде баланың алған жауабына байланысты оның дүниетанымы қалыптаса бастайды. Бұл сұрақтар ата-анаға да, ұстаздарға да қойылуы мүмкін. Сол кезде бала көңілі толатын, сауатты діни мағұлмат алуы керек», - дейді Қарлығаш Борбасова.

Сондай-ақ, балаға тек түсіндірумен шектелмей, оның өзінің ізденуіне дұрыс бағыт берілгені абзал.

«Қандай кітапты, кімнің кітабын оқыған және қандай сайтты қарап, кімді тыңдау керектігін де нақтылап айтқан дұрыс. Бұл жерде теріс бағытты уағыздайтын, қауіпті ағымдардың барлығын айтып, ескерту артық болмайды деп ойлаймын. Алған ақпаратына қанағаттанбаған бала өздігінен ізденіске түседі де нәтижесінде ислам дінін бұрмалап, қазақ халқының дәстүрін жоққа шығаратын, бүкіл мемлекет пен қоғамдағы қалыптасқан көзқарас пен тәртіпті сынап, оны жоюға үгіттейтін идеологияға тап болады. Бұл идеялардың ығына ақыл тоқтатқан азаматтар еріп кетіп жатқанда, мүлде дін туралы білмейтін жас балалардың санасы бірден уланады», - деді спикер.

Мектепте оқылатын «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын оқытатын ұстаздарға үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Себебі бұл курстан кез келген ата-ана баласы ең алдымен «діни білім» алады деп түсінеді. Себебі көпшілік қауым діни білім мен дінтану түсінігінің айырмашылығын біле бермейді.

«Бұл ұғымдардың айырмашылығын көрсететін өлшем олардың негізгі мақсаттарының ерекшелігінде. Діни білім берудің мақсаты - нақты бір діни сенімге қарасты дүниетанымды қалыптастыру және соған сай діни ғұрыптарды орындауға дағдыландыру. Ал дінтанулық білім берудің мақсаты ғылыми, діни емес, сонымен қоса барлық діндерге толерантты дүниетаным қалыптастыру. Осы орайда мектеп ұстаздары діннің негізгі қызметіне басымдық көрсетіп, әртүрлі діни ілімдердегі ортақ гуманистік идеяларды, адамгершілік принциптері туралы балаларға кеңірек мәлімет бергені дұрыс. Мысалы ислам сөзі «бейбітшілік, амандық есендік» деген мағынаға саяды. Сәлемдескенде мұсылман басқаларға «бейбітшілік пен тыныштықты тілейді. Христиандар да кез келген адамға «жақыныңды жақсы көр» деген уағыз айтады. Буддистер үшін адам ақиқат жолында рухани дамуға ұмтылуы керек. Осы дәстүрлі үш әлемдік діннің ілімдері адамды негізгі құндылық деп біледі. Адам мен қоғамның рухани дамуының қайнар көзінің бірі - дін екенін жасөспірім балаларға жан-жақты ашып түсіндіру абзал», - дейді профессор.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT