Діндер көшбасшыларының съезі: Жұмыс тобы алғашқы отырысын өткізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Келесі жылы өтетін Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының XIX съезі қарсаңында Съезд хатшылығының жұмыс тобы отырыс өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жұмыс тобының отырысына Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі уәкіл, Н. Назарбаев орталығындағы «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Болат Сәрсенбаев басшылық етті.

«Жұмыс тобының отырысы – Хатшылықтың жұмыс органы. Мұнда 14 адам қатысуда. Бүгін біз Хатшылықтың күн тәртібін талқылаймыз. Негізінен Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының жетінші съезіне дайындық бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын талқылаймыз. Белгілі бір критерийлер, құжаттар, съезд өткізу уақыты мен күні талқыланады. Бүгін ұсынымдар жасалып, түпкілікті шешім ертең Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев басқаратын хатшылықта қабылданатын болады», - деді Б. Сәрсенбаев тілшілерге берген сұхбатында.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының жұмыс тобы отырысына Сауд Арабиясы, Ұлыбритания, Үндістан, Пәкістан, Иран, БАӘ, Ватикан, Израиль, Кореядан 11 өкіл қатысты.

«Съезд Хатшылығында 20 ел ұсынылған. Оған дін көшбасшылары, діни бірлестіктердің жетекшілері, дінтанумен байланысты институттар мен университеттердің басшылары қатысады. Сондай-ақ, Алматыдағы Нұр-Мүбарак Қазақ-Египет университетінің ректоры, доктор Мұхаммед аш-Шаххат Әл-Джинди де бар. Біз барлық мәселелерді талқылаймыз, шешім қабылдаймыз және ұсынымдар ретінде ертең хатшылық қатысушыларына ұсынылатын болады», - деп атап өтті Болат Сәрсенбаев.


Соңғы жаңалықтар