USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Дінаралық диалог: Астана халықаралық сыйлығын беруге жаңа өлшемшарттар қабылданды

2021 жылғы 6 қазан 17:23
Бөлісіңіз:
Дінаралық диалог: Астана халықаралық сыйлығын беруге жаңа өлшемшарттар қабылданды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХІХ отырысында Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығына үміткерлерге жаңа өлшемшарттар қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
АҚШ-тың Халықаралық діни бостандық комиссиясы ҚР Президенті бастамаларын оң бағалады

«Жұмыс тобы хатшылықтың бекітуіне келесі өлшемшарттарды ұсынады: Астана халықаралық сыйлығына және құрмет медаліне үміткер ретінде тұлға немесе ұйым ұсыныла алады. Олар келесі өлшемшарттарға сай келуі тиіс - қоғамда және мемлекетте адамгершілікті, өзара құрметті, үйлесімдікті нығайтуда дінаралық және өркениетаралық диалогты дамытуға әрі ілгерілетуге зор үлес қосуы. Екіншіден – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съездерінің жұмысына қатысуы», - деді хатшылық отырысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Серік Егізбаев.

Оның атап өтуінше, үшіншіден, үміткерлер съезд, хатшылық жалпы, секциялық отырыстарында өзекті мәселелер бойынша сөз сөйлеуі қажет. Төртіншіден, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің бастамашысы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық идеялары мен бастамаларын әлемдік қоғамдастықта ілгерілетуі керек.

«Қабылданған шешімдер жұмыс тобы отырысының хаттамасында көрсетілген», - деп түйіндеді сөзін вице-министр.

Осы орайда ҚР Парламенті Сенатының төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Астана халықаралық сыйлығы қазақстандық награда болғандықтан шешімді съезд қарсаңында ҚР Президенті қабылдайтындығын атап өтті. Осыдан кейін хатшылық отырысына қатысушылар жария етілген өлшемшарттарды бірауыздан қабылдады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT