+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Динара Сәдуақасова интернеттің нашарлығынан халықаралық турнирге қатысуын тоқтатты

2021 жылғы 10 сәуір 16:31
Бөлісіңіз:
Динара Сәдуақасова интернеттің нашарлығынан халықаралық турнирге қатысуын тоқтатты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық гроссмейстер Динара Сәдуақасова интернеттің нашар ұстауынан Polar Challenge халықаралық турниріне қатысуын тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
БАҚ арасында футболдан Сейдахмет Бердіқұлды еске алуға арналған турнир өтеді Футболдан Еуропа чемпионаты: Нидерланды Австрияны сүріндірді Атыраулық нысана көздеуші әлем кубогінің күміс жүлдегері атанды

Бұл туралы шахматшының өзі Facebook-тегі парақшасы арқылы мәлімдеді.

«Қымбатты достар, интернеттің тұрақсыздығынан Polgar Challenge турниріне қатысуды тоқтатуға мәжбүр екенімді өкінішпен хабарлаймын. Мен турнирге шахмат жағынан да, техникалық тұрғыдан да дайын едім. Бірақ мен ойнаған барлық жеті партияда интернетпен қайта-қайта проблемалар болды. Халықаралық гроссмейстер Lei Tingjie-мен ойын кезінде 7-ші турдың соңғы партиясында мен уақыт бойынша да, тас саны бойынша басымдыққа ие болып тұрғанмын. Бірақ тұрақсыз байланыстың салдарынан уақытты өткізіп алдым. Әр партияда маған ойын барысынан бұрын интернет туралы көбірек ойлауға тура келді. Мен үш провайдердің байланысын қолдандым, ештеңе көмектеспеді. Жанкүйерлер мен ұйымдастырушылардан тағы да кешірім сұраймын», - деді Динара Сәдуақасова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT