Динара Сәдуақасова әлемнің үздік 10 шахматшы әйелінің қатарына енді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Динара Сәдуақасова әлемнің үздік 10 шахматшы әйелінің қатарына енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның шахмат федерациясына сілтеме жасап.

Танымал шахматшы қыз Динара Сәдуақасова 2700chess.com онлайн рейтингісі бойынша әлемнің топ-10 үздік шахматшы әйелдің қатарына енді.

Ол Шахматтан әлем чемпионы, ресейлік гроссмейстер Александра Костенюкті, Блицтен әлем чемпионы, грузиялық гроссмейстер Нана Дзагнидзені артқа қалдырды.

«Мен әлемдегі 9-ншы шахматшымын», деп жазды Динара Сәдуақасова желідегі парақшасында.

Еске сала кетсек, 23 жастағы Динара Сәдуақасова Қазақстанның әйелдер құрамасының көшбасшысы. Елордалық шахматшы қыз 2019 жылы Азия чемпионы атанды, Grand Swiss турнирінің жеңімпазы, сондай-ақ Эло рейтіингінде 2500 ұпайдан көп алған алғашқы қазақстандық шахматшы.

Соңғы жаңалықтар