«Динамо» спорт қоғамы 90 жылдығын атап өтуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Динамо» денешынықтыру-спорт қоғамының Астана қалалық филиалы «Динамо» қоғамының 90 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты шараны өткізуде.

Шараның ұйымдастырушысы - Астана қалалық ішкі істер департаменті мен «Динамо» денешынықтыру-спорт қоғамының қоғамдық бірлестігі.

Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, динамолықтарды Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Абай Тасболатов, «ІІО мен ІӘ ардагерлерінің қазақстандық ұйымы» ҚБ-нің төрағасы, генерал-майор Өмірзақ Болсамбеков, құқық қорғау органдары, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Астана қалалық әкімдігі және басқа ведомстволардың өкілдері құттықтады.

Мерекенің бағдарламасында «Динамо» қоғамының қызметі туралы фильм, концерттік нөмірлер мен таэквондо, бокс, қол жекпе-жегі және каратэмен айналысатын жас динамолықтардың өнер көрсетуі өтті.

Шараның басты оқиғасы - спорт ардагерлері мен динамолық қозғалыстың дамуына лайықты үлес қосқан бірлестіктің басқа мүшелерін марапаттау рәсімі. Сондай-ақ Астана қалалық филиалының құқық қорғау органдары және басқа арнайы органдардың арасында өткен мерейтойлық спартакиаданың жеңімпаздары марапатталды.

Соңғы жаңалықтар