«Динамо» - «Астана» матчын қайдан тамашалауға болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа Лигасының топтық кезеңінің матчында Киевтің «Динамосы» өз алаңында «Астанамен» сынға түседі, деп хабарлайды Sports.kz.

Матч 20 қыркүйек күні Астана уақыты бойынша сағат 22:55-те басталады. Тікелей көрсетілімді «Qazsports» телеарнасынан тамашалауға болады.

Кездесу Киевтегі 70 050 көрерменге арналған Олимпиский ҰСК-да өтеді. Онда Халис Озкахья басқарған түркиялық төрешілер бригадасы төрелік етеді.

Айта кету керек, аталмыш екі клубтан бөлек К квартетінде франциялық «Ренн» мен чехиялық «Яблонец» ойын көрсетеді. «Динамо» мен «Астана» бұрын-соңды өзара ойнап көрмеген. Қазақстандық клуб динамолықтармен кездескеннен кейін 4 қазан күні өз алаңында «Реннді» қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар