21.03.2023 03:30 Түркістанда тұңғыш рет имамдар саябағы ашылады ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Қасиетті Рамазан айында Түркістан қаласында имамдар саябағы ашылады. Бұл туралы Түркістан қаласының бас имамы Мұхаммеджан Жұмадуллаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.03.2023 14:02 Мешіт асханаларының қызмет ақысынан кім салық төлейді АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мешіт асханаларының қызмет ақысынан кім салық төлейтінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.03.2023 12:52 ҚМДБ басшысы Рамазанда астарды кешкі ауызашар уақытында өткізуді ұсынды АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айындағы құдайы астарды кешкі ауызашар уақытында өткізуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.03.2023 12:31 Бас мүфти халықты Рамазан айында барынша қайырымды болуға шақырды АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы халықты Рамазан айындағы қайырымды істерге белсенді атсалысуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.03.2023 12:11 Оразада Алматының 4 мешітінде Құран қатым түсірілмейді АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Оразада мегаполистің 4 мешітінде Құран қатым түсірілмейді, тек Тарауық намазы оқылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласының бас имамы Төлеби қажы Оспан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
18.03.2023 07:30 Рамазан айында Маңғыстау мешіттерінде күн сайын 5 мыңға жуық адамға ауызашар беріледі АҚТАУ. ҚазАқпарат - Рамазан айында Маңғыстау мешіттерінде күн сайын 5 мыңға жуық адамға ауызашар беріледі. Ал облыстық «Бекет ата» мешіті жанында арнайы ауызашар шатыры тігіледі. Онда күнде 400 кісіге ауызашар дастарқаны жайылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15.03.2023 15:38 Астанада мешіт қызметкерін пышақтап кетті АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанадағы мешіттердің бірінде шаруашылық қызметкерін пышақтап кетті. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
14.03.2023 16:57 Рамазан айында бірқатар қайырымдылық шара ұйымдастырылады - Бас мүфти АСТАНА. ҚазАқпарат — Рамазан айында бірқатар қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
14.03.2023 16:36 Биыл пітір садақа 535 теңге болып бекітілді АСТАНА. ҚазАқпарат — Биыл пітір садақасы 535 теңге болып бекітілді. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
14.03.2023 11:22 Амал мерекесіне орай Маңғыстауда жас қарилар құран оқудан жарысты АҚТАУ.ҚазАқпарат - Биылғы Амал мейрамы Маңғыстау облысында ізгілікке үндейтін игі іс-шарадан бастау алды. «Отпан тау» тарихи-танымдық этно-мәдени кешеніндегі «Қарашаңырақта» Адай атаның рухына құран бағышталып, жас қарилар құранды жатқа оқудан сынға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.03.2023 15:50 Мемлекет басшысы дін туралы: Оны бетімен жіберсек, ұлттық салт-санамыздан айырылып қалуымыз мүмкін АСТАНА. ҚазАқпарат - Әкімдерге құзырлы органдармен бірлесіп, дін саласындағы жұмысты жандандыруды тапсырамын. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдермен және мемлекеттік органдардың басшыларымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
24.02.2023 13:38 Зират басындағы құлпытасқа QR-код орнату сынақ ретінде жасалған АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы зират басындағы құлпытасқа QR орнатуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
24.02.2023 02:25 Діни кітаптарды көрінген жерде сатуға болмайды - полиция КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Діни кітаптарды сауда үйінде рұқсатсыз сатқан ақмолалыққа 120 750 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23.02.2023 21:11 Деструктивті діни ағым ұстанушылар мешітте намаз оқуға кедергі жасаған ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылорда облысында деструктивті діни ағым ұстанушылар мешітте намаз оқуға кедергі жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
14.02.2023 16:15 Елордада ашылған жаңа мешіт туралы не білеміз АСТАНА. ҚазАқпарат – Елорда төрінде тағы бір мешіт бой көтерді. Жаңа мешітке 500 адам еркін сыйып, құлшылық ете алады. ҚазАқпарат тілшісі Астананың сол жағалауындағы жаңа мешітке барып қайтты, оқырман назарына фоторепортаж ұсынамыз.
30.01.2023 12:28 Атырау полицейлері деструктивті діни ағым өкілдерінен марихуана тәркіледі АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау полицейлері деструктивті діни ағым өкілдерінен марихуана тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ-не сілтеме жасап.
26.01.2023 15:42 Испанияда қанжар ұстаған адам шіркеу қызметкерін өлтірді МАДРИД. ҚазАқпарат – Испанияның оңтүстігіндегі екі шіркеуге сәрсенбі күні кешке қарулы шабуыл жасалып, бір адам мерт болды, бірнеше тұрғын жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News агенттігіне сілтеме жасап.
24.01.2023 20:08 Алматыдағы қайырымдылық мекемесі балаларды суицид жасауға итермелеген АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық полиция департаменті балалар пансионатының атын жамылып жұмыс істейтін қайырымдылық мекемелерін кәмелетке толмағанды өз-өзіне қол жұмсауға итермеледі және басқа да қылмыстарды жасады деген күдікпен қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
20.01.2023 00:46 Өскеменде 10-ға жуық зиратты бүлдірген ер адам ұсталды ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында 10-ға жуық зиратты бүлдірген ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
18.01.2023 12:49 Шоқыну діни мерекесі күндері астанада құтқарушылар жұмысы күшейтіледі АСТАНА. ҚазАқпарат – «Крещение Господня» православиелік діни мерекесі күндері елорданың төтенше жағдайлар мамандары күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.