Дін көшбасшыларының VII съезінің декларациясын халықаралық ұйымдар нұсқаулық ретінде қолдана алады - Президент

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының VII съезінің жабылу салтанатында съезд декларациясының маңызына тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті делегация делегаттары! Съезд өз жұмысын аяқтап жатқан тұста дін көшбасшыларының заманауи әлемді әртүрлі қабылдаулар мен келіспеушіліктерді еңсере алатынына және бүкіл адамзатқа ортақ әл-ауқат пен бақауаттылыққа қол жеткізуге өз үлестерін қоса алатынына сенімдімін», - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев съезд Декларациясының халықаралық деңгейде пайдалануға лайық құжат екенін атады.

«Тыңғылықты декларация қабылданады және осы съездің жұмыс қорытындысында қабылданды да. Бұл өте маңызды құжат іргелі мәселелерді қамтиды және оны бүкіл әлемдегі халықаралық ұйымдар мен саясаткерлер нұсқаулық ретінде, көмекші құрал ретінде қолдана алады. Біздің ендігі міндетіміз – осы Декларацияның идеяларын дәйекті түрде ілгерілету»,- деді Президент.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, дін көшбасшыларының VIIІ съезі де Қазақстанда өтетін болды.


Соңғы жаңалықтар