Дін көшбасшылары технологияларды, ғылым мен руханиятты дамытуды талап ете алады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дін көшбасшылары технологияларды, ғылым мен руханиятты дамытуды талап ете алады. Бұл туралы елордада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VII Съезінің жабылу салтанатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ең маңызды тақырыптардың бірі теңсіздікті, оның барлық көріністерін қалай жеңуге болатындығы төңірегінде болды. Өйткені теңсіздік ұлттық әркелкілік пен жаһандық алауыздықтың қайнар көзі саналады. Сондай-ақ цифрлық және гендерлік мәселелерге, білім берудің маңыздылығына, әлеуметтік теңсіздікті жоюға ерекше назар аударылды. Тағы бір негізгі мақсат экономикалық өсу мен рухани және моральдық прогресс арасындағы тепе-теңдікті анықтау жолдарын табу болды», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы дін көшбасшылары технологияларды, ғылым мен руханиятты бір мезгілде және өзара толықтыра отырып, дамытуды талап ете алады деп сенетіндігін білдірді.


Соңғы жаңалықтар