+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Дін көшбасшылары сенім дағдарысын еңсеруге үлес қосуы тиіс - ҚР Президенті

2018 жылғы 10 қазан 13:30
Бөлісіңіз:
Дін көшбасшылары сенім дағдарысын еңсеруге үлес қосуы тиіс - ҚР Президенті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дін көшбасшылары сенімнің жаһандық дағдарысын еңсеруге үлес қосулары тиіс. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президентінің атап өтуінше, бүгінде әлем елдерінің негізгі күш-жігері ынтымақтастыққа емес бәсекелестікке бағытталып отыр.

«Турасын айтсақ, бұл мүлдем қате, түйыққа тірелетін жол. Сондықтан біздің ортақ парызымыз - прогресс магистраліне оралуға жәрдем көрсету. Бұл жерде баяулауға жол жоқ. Жүздеген мың, милллиондаған адам туған жерлерін тастап кетуге мәжбүр, сан жетпес көпшілігі із-түссіз жоғалады. Ғаламшардағы босқындар саны 65 миллионнан асып жығылды»,- деді Елбасы.

Мемлекет басшысы жыл сайын табиғи апаттардың салдарынан 4 миллион адам кедейшіліктің кебін кисе, миллиондаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болатындығын баса айтты. Технологиядық даму қарқынды жүріп, жалпы әлемдік байлық арта түскенімен әлеуметтік ауыртпалық ауқымы да ұлғая түскенін атап өтті.

«БҰҰ мәліметтеріне сәйкес жер шары тұрғындарының 14 пайызы аштықта өмір сүруде. Жұмыссыздардың жалпы саны 190 миллион адамнан асып жығылды. Бұл капитализмнің құнарлы топырағы ретінде әлеуметтік теңсіздікті күшейтуде. Сондықтан қауіпсіздік пен әділ әлем басты мәселе саналады. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде оның жұмыстарына белсенді қатыса отырып, Қазақстан адамзаттың дамуына кедергі келтіретін жаһандық проблемаларды шешу үшін шұғыл шаралар қабылдау қажеттігін анық және екіұшты ойсыз айтты», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұл ретте Елбасы әлемдік қауіпсіздікке БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің күш-жігерімен ғана қол жеткізуге болмайтындығын баса атап өтті.

«Бүгінде барлығымыз, оның ішінде осы залда отырған діни және қоғам қайраткерлері, саясаткерлер сенімнің жаһандық дағдарысын еңсеруге өз үлесін қосулары тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT