+7 (701) 759 90 19
USD 425.63 EUR 515.99
RUB 5.92 CNY 66.52
Jańalyqtar

Дін істері комитеті тікелей эфирлер өткізеді

2021 жылғы 14 мамыр 17:57
Бөлісіңіз:
Дін істері комитеті тікелей эфирлер өткізеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дін істері комитеті Дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру үшін тікелей эфирлер өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Құрбан айт, Астана күні: Шілдеде қанша күн демалыс болады Елімізде Ислам энциклопедиясы жарық көреді

ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың бастамасымен басталған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында ҚР АҚДМ Дін істері комитеті Instagram алаңында «Халыққа қызмет – маңызды міндет» интерактивті жобасын іске қосты.

Жобаның шеңберінде дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, сондай-ақ халықтан кері байланыс алу мақсатында Комитет басшылығы мен қызметкерлерінің әлеуметтік желілердегі тікелей эфирлері және басқа да жарияланымдарын тұрақты түрде ұйымдастыру жоспарланған.

Жаңа жоба аясында бірінші болып Комитеттің діни қызмет саласындағы құқық қолдану практикасы басқармасының басшысы Беимбет Манетов тікелей эфирге шықты. Ол азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет қабылдап жатқан шаралар мен діни қызмет саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік туралы айтып берді.

Эфир барысында азаматтар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, дін саласындағы құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға мүмкіндік алды.

«Халыққа қызмет – маңызды міндет» жобасы @qogam.kdr инстаграм парақшасында өтетін болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT