Дін істері агенттігі «E-islam» порталын ашуды қарастыруда

None
None
АСТАНА. 17 маусым. ҚазАқпарат - «E-islam» порталын ашу қарастырылып жатыр.

Бүгін Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағаты барысында ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф осылай мәлім етті.

«Танымал әлеуметтік желілерде Агенттіктің ресми парақшалары ашылды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жақын арада ағартушылық бағыттағы «E-islam» порталын ашу жоспарланады»,- дейді агенттік басшысы екі жылдың қорытындысы туралы жасаған баяндамасында.

Оның айтуынша, «Е-islam» порталының қолға алуыны өзекті. «Өйткені, жастарымыздың басым бөлігі кітап оқуды қойып барады, ғаламтор мағлұматтарына сүйенеді. Ондағы дүниелердің ақ пен қарасын анықтамастан теріс пиғылдарға да бой ұрып жүргендері баршылық. Соған қарсы ретінде біз «электронды ислам» порталын ашуды жөн деп санадық. Бұл Үкіметтік порталға жатпайды, керісінше үкіметтік емес ұйымдардың порталы болып табылады. Ал оның мақсатына келсек, зайырлы мемлекеттік тұрғыдағы қарапайым халықтың, дінтанушы ғалымдардың, блогерлердің интернеттегі туындап отырған сауалдарына жауаптарын жариялап отыру. Бұған дін сарапшыларын да араластырғымыз келеді», - дейді Қ. Лама Шариф.

Оның сөзіне қарағанда, портал қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар