Димаштың жеке альбомын сатып алушылар саны секунд сайын өсіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Димаш Құдайбергеннің тұңғыш жеке альбомы 37 секундтың ішінде «платина» деңгейіне жеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жаңалықты ол өзінің Instagram парақшасында жариялады.

«Бір сағат бұрын менің алғашқы жеке альбомым шықты. 37 секунд ішінде «платина» деңгейіне жетті. Ал бір сағатта 3 мәрте «платиналық» сатылым мөлшеріне шықты. Өте бақыттымын. Мені барлық бастамаларымда қолдап келе жатқан тыңдармандарыма көп рахмет. Менің табысым сіздердің арқаларыңызда», - деп жазды ол өз парақшасында.

Музыкалық альбомға «платина» деңгейі сатылым мөлшерімен белгіленеді. Оның шегі әр елде әрқалай екенін айту керек. Шоу-бизнесі дамыған АҚШ-та бұл деңгей 1 млн сатылымнан басталса, Ресейде 100 мыңдық сатылыммен өлшенеді.

Соңғы жаңалықтар