Димаштың жанкүйерлері Қытайдағы жетім балаларға көмектесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері әншінің атынан кеше Қытайдың Тиянжин қаласындағы «SOS» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне көмек жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

hazharas.com сайтының мәліметінше, Димаштың жанкүйерлері тағдырдың тауқыметін тартқан жетім балаларға қағаз-қалам, көрпе-жастық секілді әр түрлі тұрмыстық бұйымдар тарту еткен.

Балалар үйінің басшылығы Димаштың кеңпейілділігіне ризашылығын білдіріп, арнайы алғыс хат тапсырған.

Айта кетейік, Тиянжиндегі бұл балалар үйі - «SOS» халықаралық балалар үйінің Қытайдағы ең үлкен бөлімшесі. Онда 132 жетім бала тұрады. 

null null null  

Соңғы жаңалықтар