Димаштың жаңа композициясының бірі -«Fly Away» алғаш рет жапон радиосында шырқалмақ

None
None

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 4 қараша күні Димаш Құдайбергеннің жаңа композицияларының бірі «Fly Away» танымал FM Kiryu жапон радиостанциясының эфирінде шырқалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат dimashnews-ке сілтеме жасап.

FM Kiryu эфирінде қазақстандық орындаушының әндерін ұсыну дәстүрге айналды. Димаштың танымал «Screaming» композициясы алғаш рет жапон радиостанциясында 2020 жылдың 18 маусымында шырқалған болатын.

Сол кезде әншінің дауысын естіген радио жүргізушілері қатты таңғалды. Сонымен қатар, эфир кезінде олар көптеген жақсы пікірлер алды.

Алғашқы эфирден кейін жапон фан клубының жанкүйерлері бірден басқа композицияға сұраныс жасады. Бірнеше рет сұратқан. Осылайша, 4 қарашада «More Music» бағдарламасында қазақстандық әнші әнінің алтыншы трансляциясы өтеді.

Жаңа эфирде радио жүргізушілер әншінің «Fly Away», «Дайдидау» және «Golden» атты үш композициясын ротациялауды жоспарлап отыр.


Соңғы жаңалықтар