Димаштың жаңа бейнебаяны жарыққа шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әнші Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны жарыққа шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әнші «Мені сені сағынамын» әніне түсірілген бейнебаянын YouTube-тағы ресми арнасына жариялады.


Айта кетсек осыдан екі күн бұрын Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында жаңа бейнебаянның тизерін жариялаған еді.

Еске сала кетсек Димаш Құдайберген 9 айдан кейін сахнаға қайта шықты. Нақтырақ айтқанда таяуда Ресей астанасы Мәскеудегі ВТБ аренасында дәстүрлі «Жыл әні» концерті өтті. 5 желтоқсанда өткен кеште Димаш «Там, где живет любовь», «Your Love» және жаңа «Я скучаю по тебе» атты үш әнді орындап, жанкүйерлерінің көңілінен шықты.

Соңғы жаңалықтар