Димаштың орындауындағы Ikanaide әні жапон телеарнасынан шырқалады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 31 желтоқсанда Жапонияның NHK ұлттық телеарнасында ABU TV 2021 ең үлкен ән фестивалі көрсетіледі. Концерттің көрсетілімінде Димаштың әйгілі «Ikanaide» әні шырқалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат dimashnews ресурсына сілтеме жасап.

ABU TV Song Festival - Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағының жыл сайынғы Бас Ассамблеясы аясында өткізілетін Азияның кәсіби музыканттарының ірі концерті.

Биыл фестиваль 18 қарашада Малайзияда онлайн форматта өтті.

Оған әлемнің 10 елінен танымал вокалистер қатысты. Концертте Қазақстан атынан «Славян базары» байқауының жеңімпазы Әмре атымен танымал Ернар Садырбаев та өнер көрсетті.

ABU TV Song Festival 2021 көрсетілімі Жапонияның «NHK World Japan» телеарнасында 30-31 желтоқсанға қараған түні (Токио уақыты бойынша 0:35) өтеді, ал кең аудитория үшін 2022 жылдың 22 және 23 қаңтарында қолжетімді болады.

Димаш Құдайберген ABU TV Song Festival эфирінде «Ikanaide» әнімен арнайы қонақ ретінде өнер көрсетеді.

Алғаш рет жапон тілінде Димаштың орындауында аңызға айналған композиция 2021 жылдың 28 қарашасында Токио джаз фестивалінде шырқалды.

Бұған дейін Димаш фестивальға 2016 жылы Ыстанбұлда және 2019 жылы Токиода қатысқан болатын.



Соңғы жаңалықтар