USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Димаштың өнеріне тәнті қытайлықтар оған қазақ тілінде сәттілік тіледі

2017 жылғы 15 сәуір 19:25
Бөлісіңіз:
Димаштың өнеріне тәнті қытайлықтар оған қазақ тілінде сәттілік тіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Димаш Құдайбергеновтың өнеріне тәнті қытайлық жанкүйерлер Singer-2017 байқауының финалының алдында «Димаш, алға!» деп дауыстады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-нің тілшісі хабарлайды.

Димаштың фанаттарымен бірге болған бейнекөріністі өзінің Инстаграмм парақшасында өнерпаздың продюсері Алпамыс Шәрімов жариялады. Кадрда Димаштың өнерін ерекше құрмет тұтатын қыздар қазақ тілінде ән салып, әншіні айнала қоршап тұр. Ондағылардың барлығы да болып жатқан көріністі телефонға түсіруде, кейбірі Димаштың үлкен портреті мен оның суреті бейнеленген плакаттарды көтеріп алған.

«Осылайша, Димаштың фанаттары оған финалда сәттілік тіледі»,-делінген видеоға жазылған хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астана уақыты бойынша сағат 20-00-де Қытайдың Хунань провинциясының спутниктік телевизиясының тікелей эфирі мен қазақстандық «Хабар» телеарнасында Singer-2017 байқауының финалы көрсетіледі. Соңғы, шешуші байқауда Димаш Құдайбергенов пен қытайлық әнші Шан Вэньцзе Майкл Джексонның Earth song и Dangerous әнін орындайды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айдар Оспаналиев

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT