+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Димаштың өнерін жарты күнде 120 млн адам көрген

2019 жылғы 7 қараша 00:38
Бөлісіңіз:
Димаштың өнерін жарты күнде 120 млн адам көрген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің өнері жарты күннің ішінде 120 млн қаралым жинады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Weibo деп аталатын (қытайлық инстаграмда) The masked singer бағдарламасында көрсеткен өнерім 12 сағат ішінде 120 млн көрілім жинады. Баршаңызға қолдауларыңызға рахмет», - дейді әнші.

Еске салсақ, бұған дейін Димаш Құдайберген Қытайда өткен Бетперде киген әнші (Mask Singer) шоуына қатысып, өнер көрсеткені туралы хабарлаған болатынбыз.

Айта кетсек, Mask Singer – қытайдың вокалдық реалити шоуы. Оған қатысқан танымал тұлғалар өзін танытпас үшін бетперде киіп алады. Шоуды Ли Хао жүргізеді. Әншілердің өнерін қазылар алқасы бағалап отырады. Шоудың тұсаукесері 2016 жылғы 18 қыркүйекте Jiangsu Television-да болған.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Саягүл Жарылқасын

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT