Димаштың Нью-Йорктегі концертінің проморолигі жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әнші Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі концертінің проморолигі жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Америкадағы ARNAU концертінің ресми жарнамалық ролигі. «Barclays» стадионында кездескенше», - деп жазды әнші instagram парақшасында.

Димаш Құдайберген Нью-Йорк қаласындағы «Barclays Center» аренасында 10 желтоқсанда концерт беретінін жазған болатынбыз. Әнші өзінің «Арнау» бағдарламасын орындамақ. Мәдени шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырады.

Билет сатылымы www1.ticketmaster.com-да жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар