+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Димаштың Лондондағы концертінің барлық билеті сатылып кетті

2018 жылғы 16 қараша 18:08
Бөлісіңіз:
Димаштың Лондондағы концертінің барлық билеті сатылып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Димаштың 19 қарашада өтетін Лондондағы концертінің барлық билеті сатылып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Димаштың әлем бойынша үлкен туры болады. Бұған дейін де бірнеше концерті өткен болатын. Лондон - әлемдік өнердің ірі орталығы. Онда жеке концертіңді өткізу үшін үлкен жігер керек. Лондондағы концерт залында 2 мың орын бар. Одан бөлек, фан-аумақ бар. Жалпы, 4600 орын болады. Барлық билеттер сатылып кетті», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаш Құдайбергенмен кездесу барысында.

Министрдің айтуынша, билет сатып алған көрермендердің 3-4 пайызы ғана - қазақстандықтар.

«Барлық билеттерді негізінен лондондықтар сатып алды», - деді министр.

Еске сала кетсек, бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қанат Айтбаевпен және Димаш Құдайбергенмен кездесіп, 19 қарашада өтетін концерттің мән-жайын талқылаған болатын. Әншінің әкесінің айтуынша, Димаш Лондондағы концертте әндерінің 60 пайызын қазақ тілінде шырқайды.

Сонымен бірге, кездесу барысында Димаш елордадағы Денис Тенді еске алуға арналған көрмеде болғанын, Денис екеуі «S.О.S» әнімен бірге өнер көрсетуді армандағанын айтқан еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT