Димаштың қытайлық жанкүйерлері әншіге тағы да тосынсый жасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Димаш Құдайбергеннің туған күні. Осыған орай, әншінің қытайлық жанкүйерлері тағы да тосынсый жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әншінің фанаттары  Димашқа арналған құттықтауларын Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларындағы 100-ден астам үлкен LED-экрандар арқылы жеткізіп жатыр.

Шараны ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, бүгін күні бойы аталған қалалардағы үлкен экрандарда Димашты туған күнімен құттықтаған арнайы видеороликтер көрсетіледі.

«Өткен жылы да біз осындай шара өткізген едік, ол кезде тек Астана қаласындағы LED-экрандар арқылы құттықтау жолдаған болатынбыз. Димашқа деген қытайлық жанкүйерлердің ықыласы күн сайын артып келеді. Мен де  Вейбо желісінде құрылған  жанкүйерлер тобының мүшесімін. Сондағы фанаттардың ұсынысымен биыл Қазақстанның үлкен 3 қаласында LED-экрандар бойынша келісіп, осындай шараны тағы да ұйымдастырып жатырмыз. Димашты туған күнімен шын жүректен құттықтаймын!», - дейді Димаштың Қытайдағы жанкүйерлерімен желі арқылы байланыс орнатушы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті Ақеділ Нұрболатұлы.
null 

Еске сала кетейік, Димаш «Singer» байқауындағы ерекше талантымен көзге түсіп, Қытайда үлкен танымалдылыққа ие болды. Жас әнші өзінің туған күні қарсаңында жаңа бейнебаянын шығарғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар