Димаштың қытайлық фанаттары Бурабайда демалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Димаш Құдайбергеннің Астанадағы концертіне арнайы ат басын бұрған қытайлық фанаттар, Бурабайдың әсем табиғатын тамашалап қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің жеке концертін тамашалау үшін әншінің бір топ фанаттары Астанаға ұшып келгенін айтқан болатынбыз. Олар осы күндері «ЭКСПО- 2017» Халықаралық көрмесін тамашалап, Бурабай демалыс аймағына да барып үлгеріпті. Димаштың жанкүйерлері қазақ жерінің ерекше әсер қалдырғанын айтады.
null 

«Димаштың концертін тамашалауға Бейжіңнен арнайы келдім. Мүмкіндік болса, Димашпен суретке түсіп, қолтаңбасын алғым келеді. Қазақ елін көргеніме өте қуаныштымын! Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесі жоғары деңгейде ұйымдастырылыпты. Сосын біз Бурабайда болдық, табиғаты керемет! Сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Таза ауа, мөлдір су бәрі-бәрі адамды қатты баурайды», - дейді Димаштың фанаты Лю Чянь.
null

Еске  салайық, «Бастау» концерті ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында 27 маусым күні елордадағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Димаш Құдайберген концертке қатысатын әншілерді көпшілікке жариялаған болатын . Олар - Қытайдың белгілі әншісі Терри Лин, Евровидение-2012 байқауының жеңімпазы Лорин (Швеция), Ұлыбритания әншісі Софи Элис Бекстор, Кристина Орбакайте (Ресей) және Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, опера әншісі Майра Мұхамедқызы.

Соңғы жаңалықтар