Димаштың қытайлық әлеуметтік желідегі парақшасына жазылушылар саны миллионнан асты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Димаш Құдайбергеновтың Қытайдағы «Вибо» (Туиттердің Қытайдағы баламасы - ред.) әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазылушылардың саны 1 миллион 323 мың 569 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


null


«Вибо» - қытайлықтардың ең көп қолданатын әлеуметтік желісі. Әнші желідегі заңды парақшасын 9 қаңтар күні ашқан болатын. Сонымен бірге «Вибо» желісінде Димашқа жанкүйерлік ететін топтар да құрылған. Солардың бірі «Димаштың әлемдік жанкүйерлері» деп аталатын топқа 14 095 адам қосылған.
  null 

Айта кетейік, кеше жарияланған Ресейлік танымал әншісі Витастың әніне иелік етуші  «Пудовкин» продюсерлік орталығының Хунан телеарнасына жазған шағымынан кейін, қытайлық  желі пайдаланушыларо пікірі екіге жарылды. Олардың бір бөлігі Димашқа қолдау білдірсе, енді  бір бөлігі Витасқа жанкүйерлік еткен.

Еске салайық,  Димаш жобаның бірінші кезеңінде француздардың орындалуы қиын әйгілі «SOS d'un terrien en détresse» әнін шырқап көрермендерді тәнті етті . Алғашқы эфирден кейін оның  Sina Weibo әлеуметтік микроблогына жазылушылардың саны 35 мыңнан бір сағатта 118 мыңға жеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар