Димаштың күйінен соң Қытай сайттары қазақтың аспаптарын зерттеуге кірісіпті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Димаштың күйінен соң Қытай сайттары қазақтың музыка аспаптарын зерттеуге кіріскен. Бұл туралы instagram парақшасында Алпамыс Шаримов атты азамат жазды.

«Бір сырды бөлісемін. Саxна сыртына келіп мені құшақтап жылап алды. Еңкілдеп тұрып жылаған Димаш: «мақсатым осы болатын еді ғой, досым...» деп ағынан жарылды. Димаштың осыншама толқығанын бұрын көрмеп едім. Расымен де саxнада толқып тұрды, кәсіби күйші болмаса да «Адайды» тартты. 24 сағат қасында жүрген мен білемін деп айта аламын. Бүгінгі күн ол үшін ерекше болды. Димаштың өнер көрсеткеніне бір күн өтпей жатып, Қытай сайттары қазақтың аспаптарын зерттеп жатыр. Бір ғанибет. «Адажио» болсын «S.O.S» -те де Димаш осылай қуанбаған шығар. Жүрегі баладай тап-таза досымнан айналдым. Мен сені, сенің өнерге деген маxаббатыңды, Сенің өнер деп соққан жүрегінді жақсы көремін»,-деп жазды ол.

null  

Айта кетейік, Хунан телеарнасының «Singer 2017» ән байқауының жетінші кезеңі эфирден көрсетті. Жобаға қатысып жатқан Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген бұл кезеңде бірінші болып өнер көрсетіп, Қазақ ұлттық музыка аспаптар өркестрінің сүйемелдеуімен «Дайдидау» әнін шырқады және домбырада күй шертті.

Төртінші айналымның (жетінші және сегізінші кезең) қорытындысы бойынша Димаш жалпы есепте бесінші орынға тұрақтады.

Кешір Димаш!.. Бір сырымызды бөлісемін: Саxна сыртына келіп мені құшақтап жылап алды... еңкілдеп тұрып жылаған Димаш "мақсатым осы болатын еді ғой, досым" деп ағынан жарылды!.. Димаштың осыншама толқығанын бұрын көрмеп едім... Расымен де, саxнада толқып тұрды, кәсіби күйші болмаса да "Адайды" тартты! 24 сағат қасында жүрген "мен білемін" деп айта аламын: Бүгінгі күн ол үшін ерекше болды! Димаштың өнері көрсеткеніне бір күн өтпей қытай сайттары қазақтың аспаптарын зерттеп жатыр. Бір ғанибет!.. "Адажио" болсын "S.O.S" -те де Димаш осылай қуанбаған шығар!.. Жүрегі баладай тап-таза Досымнан айналдым! Мен Сені, Сенің өнерге деген маxаббатынды, Сенің өнер деп соққан жүрегінді жақсы көремін!.. Бауырым, Досым @kudaibergenov.dimash алда талай жеңіс бар! Алға!!! Қазақстаннан қолдап келген музыкант жігіттер мен қыздарға, менің жаңа достарыма мың алғыс! #dimash #China #Kazakhstan #IAmSinger #DQ

Публикация от Alpamys Sharimov (@asharimov) Мар 4 2017 в 7:21 PST

Соңғы жаңалықтар