Димаштың Кремльдегі 2 күндік концерті аншлагпен өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Димаш Құдайберген Кремль сарайында екі күн қатарынан өткен концертіне көмек көрсеткен адамдарға ризашылығын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Рахмет, Мәскеу! Екі күн қатарынан Кремльде аншлаг болды! Сіздер үшін өнер көрсеткенім үшін бақыттымын. Осы жобамен жұмыс істеген барлық адамдарға шын жүректен алғысымды білдіремін. Бүгін «1 каналда» (Ресей телеарнасы-авт) кездесеміз», - деп жазды әнші Инстаграмдағы парақшасында.

nullАйта кетейік, 22 наурыз күні Мәскеудегі концертке Димаштың шығармашылығына шынайы берілген әлемнің 50-ден астам елінен жанкүйер келген. Құрметті қонақтар арасында әншінің ата-анасы, Қазақстанның Ресейдегі Елшісі, Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі, Ресей премьер-министрінің жұбайы, эстрада жұлдыздары және өзге де беделді азаматтар болған.

nullҚазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің концертінен бір күн бұрын әлемнің 56 елінен 400-ден астам жанкүйер Мәскеуде pre-party-де бас қосқан еді.null

Соңғы жаңалықтар