Димаштың концертіне жалған билеттер сатылып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Димаштың елордадағы концертіне билет сатып алған сақ болу керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәдени шараның ресми парақшасында осыған қатысты ескерту жарияланды.

«Dears! Желіде жалған билеттерді сатып жүрген алаяқтар көбейіп кетті! Бұндай жалған билеттермен сіздерді концертке кіргізбейді!
Абай болыңыздар!
Билеттерді тек кассалардан немесе zakazbiletov.kz және biletiastana.kz ресми сайттарынан алыңыздар!», делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, жалған билеттерді жеке тұлғалар сатады және жарнамаларды тегін сайттарға орналастырады.

Еске сала кетсек, 29 маусымда әншінің жеке концерті еліміздің бас қаласында өтеді. Димаштың әлем бойынша жанкүйерлері Нұр-Сұлтан қаласына жиналады.

null

Соңғы жаңалықтар