Димаштың концертіне ұзын-сонар кезек пайда болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Бүгін «Астана Арена» стадионында өтетін Димаштың жеке концертіне халық ағылып келіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

nullСағат кешкі 22:00-де басталатын концертке көрермендерді сағат 19:00-ден бастап кіргізе бастады. «Астана Аренаның 6 кіреберісінде халық ішке ену үшін ұзын-сонар кезекке тұруда.

nullҰйымдастырушылардың айтуынша, концертке 350 ерікті жұмылдырылды.

nullСондай-ақ, негізгі залдан бөлек 10 мың адамды қамтитын жанкүйерлер алаңы қарастырылған. Ал жалпы стадион 30 мың адамға арналған.

Еске салсақ, бұған дейін Д. Құдайбергеннің «Арнау» атты жеке концерті 29 маусым күні елордада өтетіні туралы хабарлаған болатынбыз. Ал телекөрермендер үшін 6 шілде күні «Астана күні» мерекесіне орай «Qazaqstan» ұлттық арнасынан көрсетіледі.

Концерт ұйымдастырушыларының айтуынша, кеш билеттерін әлемнің 64 елінен 10 мыңға жуық тыңдарман сатып алған. Оның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Бразилия, Мексика, Канада, Австралия, Швейцария, Малайзия, Сингапур, Африка, Египет, Израиль және Марокко сынды алыс мемлекеттердің тыңдармандары бар.

Сондай-ақ, Димаш Құдайбергеннің концертіне байланысты елордада жолдар жабылады.

Соңғы жаңалықтар