Димаштың концерті 100 пайыз жанды дауыста өтеді - Қанат Айтбаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Димаштың бүгінгі «Бастау» шығармашылық кеші 100 пайыз жанды дауыста өтеді.  Бұл туралы концерт алдындағы баспасөз мәслихатында әншінің әкесі әрі продюсері Қанат Айтбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Концерт жалпы бес бөлімнен тұрады. Димаш бес бөлімде бес түрлі костюммен шығады. Көптеген жаңа әндер орындалады. Қазіргі мәліметте, билеттер негізінен сатылып болған. Сатып алушылардың негізгі бөлігі Қазақстандық жанкүйерлер. Ал шетелдік қонақтардың көшін Қытай елі мен Ресей бастап тұр. Сонымен бірге  Еуропадан және ТМД елдерінен келген жанкүйерлер бар», - дейді Қанат Айтбаев. Сондай-ақ, ол концертке жоғары деңгейде дайындалғандығын айтты.

«Дайындығымз жоғары деңгейде, жалпы көпшіліктің көңілінен шығады деген ойдамыз. Кештің өтуіне  200-ден астам адам атсалысып жатыр», - дейді әншінің әкесі.

«Бастау» концерті ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында бүгін елордадағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Димаш Құдайберген концертке қатысатын әншілерді көпшілікке жариялаған болатын. Олар - Қытайдың белгілі әншісі Терри Лин, Евровидение-2012 байқауының жеңімпазы Лорин (Швеция), Ұлыбритания әншісі Софи Элис Бекстор, Кристина Орбакайте (Ресей) және Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, опера әншісі Майра Мұхамедқызы.

Айта кетейік, Қанат Айтбаев кешті ұйымдастыруға мұрындық болған ҚР Спорт және мәдениет министрлігіне алғыс айтты.

Соңғы жаңалықтар