Димаштың фанаттары әнші туралы ақпараттарды әлемнің 11 тіліне аудармақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Димаштың фанаттары әнші туралы ақпараттарды әлемнің 11 тіліне аударып, таратпақ. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Астанадағы әншінің концертіне арнайы келген  әншінің жанкүйерлері айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

null

«Біз Димаш Құбайбергенді ерекше құрметтейміз. Оның жүрген жерін, жұтқан ауасын көру үшін Қазақстандағы концертіне арнайы келдік. Үлкен дайындықпен өз сыйлықтарымызды ала келдік. Біз Димаш туралы ақпараттарды, оған қатысты бейнежазбаларды әлемдегі әншінің фанаттары үшін  11 тілге аударып, Ютуб каналына жүктеп жатырмыз», - дейді әншінің фанаты Тан Милиң. 

null 

Олар Димаштың концертіне келуді ерте жоспарлағандығын айтты.

null 

«Біз қытайдың әр өлкесінен келдік. Астанада Димаштың концерті өтеді дегеннен бастап, демалыссыз жұмыс жасап, еңбек демалысымызды осы уақытқа сәйкестірдік», - дейді олар.

null null null null null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар