+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Димаштың Еуропадағы концерттеріне билеттер қанша тұрады

2019 жылғы 1 желтоқсан 18:38
Бөлісіңіз:
Димаштың Еуропадағы концерттеріне билеттер қанша тұрады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Германия қалалары мен Чехияда өтетін жеке концертіне билеттердің бағасы 14900 теңгеден басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Димаш, жеке концерті жөнінде жанкүйерлерінің есіне тағы бір салып: «Құрметті достар! 25 наурыз күні Праганың «Tipsport-Arena»-сында өтетін Чехиядағы алғашқы жеке концертіме шақырамын. Билеттер @bilet.kartina.tv сайтында сатылуда. Сіздерді асыға тосамын. Кездескенше!», - деп жазды Instagram-дағы парақшасында.

Еске салсақ, Д.Құдайбергеннің Еуропа елдері бойынша гастролі Германияның үш қаласында және Чехия астанасында өтеді. Барлық концерттер аталмыш елдердің ең ірі спорттық-мәдени кешендерінде ұйымдастырылады.

Атап айтқанда, 19 наурызға жоспарланған Гамбург қаласындағы концерті «Barclaycard Arena»-да болады. Кешеннің сыйымдылығы - 16 мың орын.

21 наурызда Дюссельдорфтағы кеші 13 мың көрерменге арналған «Düsseldorf ISS DOME» көп кешенді жабық аренада өтеді.

Ал 28 наурызда қазақстандық әнші жанкүйерлерін Штутгарттың 15500 орындық «Hanns-Martin-Schleyer-Halle» жабық аренасына шақырады.

Өнер сүйер қауым Прагадағы шығармашылық концертке 25 наурыз күні 13500 орынға шақталған «TipSport-Arena»-ға жиналады.

Билеттер құны 35 - 349 еуро, яғни 14 900 – 148 500 теңге аралығында тұрады. Димаштың еуропалық турнесіне билеттерді ресми сатумен айналысатын bilet.kartina.tv сайты өзінің аңдатпа хабарландыруында қазақстандық әншіні «Ғаламшардың вокалдық ғажайыбы!» деп атаған.

«Бірақ көрермендер оны феноменді дауысы үшін ғана емес, сондай-ақ орындаудағы шынайылық үшін, әнді әртүрлі тілде орындайтындығы және аудиториямен қарым-қатынас ұстай білу қабілеті үшін жақсы көреді», - деп жазылған сайтта.

Еске салайық, Д.Құдайберген сондай-ақ 10 желтоқсан күні Нью-Йорктің белгілі «Barclays Center» аренасында концерт береді.

Бұған дейін ол Ұлыбритания астанасы —Лондонда, Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларында шығармашылық кештерін өткізген болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT