Димаштың елордадағы концертіне билеттің 80 пайызы сатылып кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың 29 маусымында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Димаш Құдайбергеннің концертіне бүгінгі күні билеттің 81 пайызы сатылып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы «Қазақстан» РТРК АҚ баспасөз қызметінен хабарлады. Айта кетсек, «Arnau» концертінің бас ұйымдастырушысы - «Қазақстан» РТРК АҚ. Билеттерді сату бойынша бас оператор - www.zakazbiletov.kz. Сондай-ақ, билеттер www.biletiastana.kz сайтында қолжетімді.

«Концерт бойынша барлық жаңалықтарды instagram және facebook әлеуметтік желілеріндегі @dimash_arnau ресми парақшасынан біле аласыздар. Басқа ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге сүйенбей, ресми парақшадағы ақпаратқа назар аударыңыздар!», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Димаш Құдайбергеннің концерті 29 маусымда «Астана-Арена» сарайында өтеді. Билеттер 18 наурыздан сатыла бастаған.

Концертке билет сатып алушылардың ең көбі - қазақстандықтар. Одан кейін Ресей, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Франция, Германия, Жапония, Түркия, Нидерланд, Румыния, Польша және т.б елдер. Ең алыс елдердің арасында: Бразилия, Мексика, Африка, Канада, Аустралия бар.

Соңғы жаңалықтар